Beeline сату және қызмет көрсету жаңа кеңсесі Шымкент қаласында ашылды
Сату және қызмет көрсетудің жаңа кеңсесі Шымкент қаласында Symbat СҮ, Рысқұлов к., 62/4 мекенжайы бойынша ашылды.
Beeline-нан осындай кеңселер бүкіл Қазақстан бойынша қолжетімді. Онда көптеген қызметтер мен жаңа сервистер ұсынылды, ал кеңселердің құрылымы мен әрлемі клиенттердің барша ыңғайлы болуын ескеріп әзерленді, бұл қызмет көрсету процесін оңайлатады.
Девайстар мен аксессуарлар ұсынылған ыңғайлы аймақ бар, бұл клиенттерге телефонды немесе аксессуарды таңдап, бірден тестілеуге мүмкіндік береді.
Кеңселерде «Келісімшарттық телефондар» жобасы ұсынылды – клиент жақсы смартфонды ғана сатып алмай, сонымен бірге жиынтықта бірден өзіне сәйкес келетін байланыс тарифін алады. Бұл ретте телефонды сатып алуды бөліп төлеу арқылы, пайызсыз рәсімдей алады.
Заманауи техникалық шешімдер –Beeline барлық кеңселерінің сөзсіз басымдылығы. Мысалы, нөмірді қайта тіркеу үшін, клиенттерге керексіз бланкілерді толтырудың және өзімен бірге жеке куәлікті алып келу керек емес. Ол үшін кеңседе немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасында бет әлпет бойынша бір рет биометриядан өтіп, әрі қарай жеке куәліксіз қызмет алуға болады.
SIM-картаны ауыстыруды, қызметтерді өшіру және қосуды қоса алғандағы операциялардың 85% астамы қағаз жүзіндегі өтініштерді толтырусыз жүргізіледі. SMS-растау мен виртуалды қол қою жеткілікті.
Кеңселерде теңгерімді (мобильді, сондай-ақ Үйдегі Интернет қызметі бойынша) комиссиясыз толтыруға арналған терминалдар орнатылды.
Сондай-ақ қызықты сервис бар –touch&watchэкрандары: егер ұнаған гаджетті қолыңызға алсаңыз, ол туралы барлық ақпарат экранға шығады – телефонның мүмкіндіктерімен дереу, әрі оңай танысып, бірнеше модельдерді бір бірімен салыстыруға болады.
«Шымкенттіктер мен қала қонақтары үшін тағы бір кеңсені аштық. Клиенттерге әрдайым оңай, әрі ыңғайлы сервисті ұсынуға тырысамыз: қызметкерлер жай сұрау салулар бойынша кеңес бере алады (SIM ауыстыру және т.б.), сондай-ақ айтарлықтай ұзақ мәселелерді пысықтайды (үйдегі интернет қызметтерін ұсыну және басқа). Келіңіздер, әрдайым көмектесуге қуаныштымыз», — деп түсіндірді Рауан Кабдрахимов,Beeline Қазақстан Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры.
Кеңсенің жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма 09:00 бастап 19:00 дейін, сенбі-жексенбі 10:00 бастап 18:00 дейін.
В нашем Telegram-канале много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!