13 мая 2026 10:54
Количество просмотров: 275

2026 жылдың 4 айында Түркістан облысы бойынша қылмыстылық жағдайы туралы

Түркістан облысы аумағында 2026 жылдың 4 айында  жасалған қылмыстық құқықбұзушылықтардың жай-күйі.

Ағымдағы жылдың 4 айында СДТТБТ 1 753 (1 795) қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген,  -2,3% төмендеген.

Ең көп құқықбұзушылық Арыс 61,4% (44-тен 71-ге), Шардара 16,7% (48-ден 56-ға), Сайрам 8,2% (182-ден 197-ге), Кентау 6,8% (118-ден 126-ға), Сауран 2,7% (74-тен 76-ға), Жетысай 2,2% (138-ден 141-ге) қала/аудандарда тіркелген.

Қылмыстың санаттары бойынша ауырлығы орташа  -8,2% (476-дан 437-ге) төмендеу онша ауыр емес -8,0% (388-ден 357-ге), төмендесе.

Ал, аса ауыр қылмыстардың саны 104,8% (21-ден 43-ке), ауыр қылмыстар 4,5% (559-дан 584-ке) жоғарылаған, Арыс 115%  (20-дан 43-ке), Сайрам 84,8% (46-дан 85-ке), Отырар 50,0% (4-тен 6-ға), Қазығұрт 45,5% (11-ден 16-ға), Жетысай 27,9% (43-тен 55-ке), Сарыағаш 6,1% (49-дан 52-ге) қала/аудандарда жәйіттері орын алған

Қылмыстың ашылу пайызы 3,8%, оның ішінде ауыр қылмыстар -0,5% төмендесе, ал  онша ауыр емес қылмыстар  6,5%, ауырлығы орташа қылмыстар 4,2% жоғарлаған.

Қылмыстың баптары бойынша да жоғарлау байқалады:

— мал ұрлығы  37,0% (27-ден  37-ге) Ордабасы 250% (2-ден 7-ге), Қазығұрт 150% (2-ден 5-ке), Төлеби, Сауран 100% (0-ден 3-ке), Кентау, Созақ, Түлкібас 100% (0-ден 1-ге), Келес 66,7% (3-тен 5-ке), Жетісай 33,3% (3-тен 4-ке) жоғарлаған.

Адам өлтіру қылмыстары 50,0% (6-дан 9-ға) және адам өлтіруге оқталу  100% (2-ден 4-ке) денсаулыққа ауыр зиян келтіру 11,1% (18-ден 20-ға) өссе оның ішінде өлімге әкеп соққаны 0,0% яғни (1-ден 1-ге) тең.

Бұзақылық 50,0% (26-дан 39-ға) өскен, Сарыағаш 200% (12-ден 3-ке), Төлеби 100% (0-ден 4-ке), Арыс, Сауран 100% (0-ден 3-ке), Бәйдібек, Ордабасы 100% (0-ден 1-ге), Түркістан 60% (5-тен 8-ге), Сайрам 50% (6-дан 9-ға) жоғарлаған.

Интернет-алаяқтық қылмыстары – 10,5% (238-ден 213-ке), есірткі қылмыстарының жалпы деңгейі — 14,3% (147-ден 126-ға) төмендеген.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны — 6,0% (281-ден 264-ке), төмендеген, Мақтаарал 175% (4-тен 11-ге), Арыс 150,0% (4-тен 10-ға), Төлеби 85,7% (7-ден 13-ке), Бәйдібек 50% (2-ден 3-ке), Түркістан 47,8% (46-дан 68-ге), Ордабасы 20% (5-тен 6-ға), Шардара 11,1% (9-дан 10-ға), Сайрам 4,5% (44-тен 46-ға) қала/аудандарында жоғарлау байқалады.

Көшеде жасалған қылмыстар саны — 10,6% (207-ден 185-ке) төмендеген, Мақтаарал 75% (4-тен 7-ге), Бәйдібек 50% (2-ден 3-ке), Жетісай 36,4% (11-ден 15-ке), Ордабасы 33,3% (3-тен 4-ке), Шардара 33,3% (6-дан 8-ге), Түркістан 31,4% (35-тен 46-ға) жоғарлаған.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың басым көпшілігі көшеде, базарда, дүкенде, оқу орындарында орын алған.

Бұдан басқа, алкогольдік және есірткілік масаң күйде жасалынған қылмыстар саны 27,3% (121-ден 154-ке), топпен жасалған 63,7% (91-ден 149-ға) отбасылық-тұрмыстық салада жасалынған қылмыстар 9,1% (77-ден 84-ке) өскен.

 

Құрметті тұрғындар және қонақтар!

Қоғамдағы тынштық пен қауіпсіздік – әрқайсымызға ортақ құндылық.   Қылмыстың алдын алу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтың ортақ міндеті екенін естен шығармайық. Заң талаптарын сақтау, күмәнді жағдайларға бейжай қарамау, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру арқылы біз қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз.

Әрбір құқық бұзушылыққа дер кезінде назар аудару, сақтық шараларын ұстану және құқық қорғау органдары мен бірлесе әрекет ету – қылмыстың алдын алудың тиімді жолы. Өз қауіпсіздігіңізге де, жақындарыңыздың амандығына да жауапкершілікпен қарап, заңдылық пен тәртіпті сақтауға үлес қосуға шақырамыз.

Тәртіпке бағынған елдің болашағы жарқын. Қоғам тыныштығы – бәрімізге ортақ жауапкершілік.

                                                                                                                               Қазақстан Республикасы

                                                              Бас прокуратурасының

                                                              Құқықтық статистика және

                                                              арнайы еспке алу жөніндегі

                                                                        комитетінің Түркістан облысы

                                                                        бойынша департаменті

 

#Заң және Тәртіп#

#Закон и Порядок#

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *