Балаңыз ақшаны дұрыс басқаруды үйренеді: жаңа мультфильмдер жарық көрді
Ересектер қаржылық сауаттылықтың қыр-сырына енді ғана бойлап жатқанда, Ұлттық Банк балаларға қарапайым әрі қызықты форматта ақшаны дұрыс басқару негіздерін түсіндіретін мультфильмдер әзірленді. Реттеушінің хабарлауынша, жобаның мақсаты – күрделі қаржылық тақырыптарды жеңіл әрі тартымды оқиғалар арқылы баяндап, кішкентай көрермендердің жүрегіне жол табу, ақшаны дұрыс басқаруды үйрету.

Ағартушылық бағыттағы мультфильмдері Қазақстан Ұлттық Банкінің халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ауқымды жобасының бір бөлігі.
«Барлық материалдар Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсындағы «Қаржылық сауаттылық» бөлімінде орналастырылған және барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді», – деп хабарлады реттеуші.
Мультфильмдерде оқиғалар Барыс пен оның достары арасында өрбиді. Олар балаларды қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидаларымен таныстырып, ақшаны не үшін жинау қажет екенін, бюджетті қалай жоспарлау керектігін және қаржылық алаяқтарды қалай тануға болатынын еш терминдерсіз, жатық тілде түсіндіреді.

Осылайша, кейіпкерлермен бірге балалар: жеке бюджетті жоспарлауды, ақшаны не үшін жинақтау қажет екенін, кредиттің не екенін және оны жауапкершілікпен пайдалануды, қаржы жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, инфляция ұғымын, қаржылық алаяқтарды қалай анықтап, жеке деректерді қалай қорғау керектігін үйренеді.
«Барлық тақырыптар қарапайым тілмен, өмірден алынған мысалдар мен түсінікті жағдайлар арқылы түсіндіріледі. Бұл оқушыларға қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидаларын оңай меңгеруге мүмкіндік береді», – деп түсіндірді Ұлттық Банк баспасөз қызметі.

Бүгінде ересектермен қатар балалар да банк карталарын, мобильді қосымшаларды пайдаланып, интернет арқылы сауда жасайды. Сондықтан ақшаны дұрыс басқару дағдылары мектеп жасынан-ақ қажет.
Сондықтан қаржы реттеушісі балаларға қаржылық сауаттылықты қолжетімді түрде түсіндіру бағытын таңдады. Себебі мультфильмдер баланың қызығушылығын оятатын, күрделі терминдер мен ұзақ дәрістерсіз білім беретін заманауи тәсіл.

«Мультфильмдер балаларға қаржылық шешімдерді саналы түрде қабылдауды үйретіп, шығындары мен жинақтарына жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар мұндай контент ата-аналар мен балалар арасында қаржыны басқару, сатып алу және ақшаға қатысты мақсаттар туралы пайдалы әңгіме өрбітуге жақсы мүмкіндік береді», – деп хабарлады Ұлттық Банкте.
Айта кететіні, жоба тек анимациялық роликтермен шектелмейді. Сонымен қатар бас банктің ресми интернет-ресурсындағы «Қаржылық сауаттылық» бөлімінде инфляция, кредит алу, бөліп төлеу, инвестициялау, қаржылық пирамидалар, жеке деректерді қорғау және басқа да өзекті тақырыптарға арналған оқыту бейнероликтері де орналастырылған.

Мұнда төменгі сынып балалары мен жасөспірімдер үшін интерактивті жобалар да бар. Мәселен, солардың бірі – BarsIQ. Бұл қаржылық сауаттылық бойынша тренажер. Онда қаржыға қатысты шешім қабылодау, жеке бюджетті басқару бойынша ойын түріндегі тапсырмалары мен өмірлік жағдаяттар қамтылған. Бала оларды шеше отырып, түрлі пайдалы дағдыларды меңгереді.
Бұған қоса сайтта – Alatau City ойын-симуляторы бар. Жоба виртуалды шаһарда түрлі өмірлік жағдайлар барысында шешім қабылдау арқылы қаржылық сауаттылық негіздерін үйренуге, талдауға мүмкіндік береді.
Осындай интерактивті ойындар балалардың ережелерді жай ғана жаттап қоймай, сыни ойлауға, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануына ықпал етері сөзсіз.
В наших соцсетях : Telegram-канал, Telegram-канал найдете много интересного, только важные и новые события! Наш Instagram. Подписывайтесь!
