21 Мар 2020 15:38
Количество просмотров: 1402

ЖЕҢІСБЕК МӘУЛЕНҚҰЛОВ – Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген ауыр індетті ауыздықтау – осы күнгі басты мәселе. Жауапкершілікпен, тәртіппен, төзіммен әрекет ететін уақыт туды. Елбасы күллі Қазақстан жұртшылығын Мемлекет басшысының және Үкіметтің қабылдаған шешімдеріне құрметпен қарап, қолдау көрсетуге шақырды. Осындай қиын кезеңде елдегі ірі кәсіпкерлер шамасы келгенше аурумен күресу жолына көмек көрсету қажеттілігін айтты. Арнайы қор құру туралы ұсыныс білдіріп, ондағы жиылған қаражат аурудың алдын-алу жұмыстарына бағытталу керектігін жеткізді.

Қамқорлық көрсетуге дайын тұратын Түркістандықтар қашанғы әдетінен танбай бұл үндеуге қолдау білдіріп, Арыс оқиғасы кезінде қажетке жараған «Түркістан» қорына кәсіпкерлер қаржылай көмектерін аудара бастады. Басқа сала мамандары да қол қусырып қарап отырмай, бір күнгі жалақыларын сол қорға табыстады.

Бұл үрдістің әлі де жалғасын жемісті табарына мен сенемін.

Біз, осылайша қанымызға сіңген қастерлі қасиетіміз арқылы, жұдырық болып жұмылып, бұл індетті ауыздықтай алатынымызға сенемін. Сонымен қатар, барлық Қазақстан жұртшылығын игілікті іске атсалысуға шақырамын!

#Туркестанская_область

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *