22 Мар 2020 19:50
Количество просмотров: 556

Елбасы үндеуі  — қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады

ТЕЛЬМАН БЕЙСЕН, «АЙҚЫН» ГАЗЕТІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕНШІКТІ ТІЛШІСІ:

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстандықтарды бірлікке шақырып, ауыр індетпен көп болып күресу керектігімізді айтты. Ол үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған Төтенше жағдай талаптарына бағынып, шамамыз келсе дертпен күресуге қаржылай көмектесу керектігін жеткізді. Бұл үндеу барлық Қазақстан жұртшылылығын бей-жай қалдырмады. Әсіресе, Түркістандық қалталы кәсіпкерлер ел игілігі жолында көмектерін көрсетіп, ашылған арнайы қорға ақша аудара бастады. Қалған азаматтар жалақыларынан бір күндік еңбек ақыларын беріп, азаматтығын білдіруде. Бұл жағдай қандай қиындық келсе де қайыспай, бірлікпен бәрін жеңіп шыға алатындығымызға деген сенімімізді молайтты. Аты шулы дерт ауыздықталып, аз уақытта бәрі де реттелер. Осындай кезеңде жомарттық танытқан жандар қай уақытта ел жадынан ұмытылмас.

#BizBirgemiz   #мнение_ЮК  #Туркестанская_область

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *