23 Мар 2020 16:02
Количество просмотров: 1193

Індетпен күрес — басты міндетіміз!

Салтанат Жамалова, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Бүгінде Қазақстан халқы күрделі ахуалды бастан өткеріп жатыр. Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлеріне аса үлкен сенім мен жауапкершілік артып отыр. Бұл сенім үдесінен шығып, халықтың денсаулығын сақтауды біз абыройлы міндетіміз деп санаймыз. Осы ретте мен барша әріптестерімді абыройлы жұмыс істеуге шақырған болар едім. Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде бірінші мәселе ретінде- коронавирустың таралуына қарсы жұмыстарды күшейтуді атап өтті. Өйткені жаһандық індетке баланып отырған дерттің таралу аумағы кеңейіп, ушығып барады. Қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша бұл дертке жүз мыңдаған астам адам шалдығып отыр. Бұл вирустың таралу жылдамдығы бәсеңдемей отыр деген сөз. Бір қуанарлығы, біздің мемлекет індетпен күрес жұмыстарын мықтап қолға алып,бірқатар нақты шектеулерді жолға қойды.Ірі-ірі екі қаламызда карантин жарияланып,кіріп-шығу шектетілді. Мұны дер кезінде қолға алынған шаралар деп есептейміз. Бүгінгі сөзінде президентіміз індетпен күрес жүргізіп жатқан медицина, құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысына қосымша бір айлық жалақы қосып беру жөнінде тапсырма жүктеді. Бұл біз үшін үлкен мотивация екені даусыз. Ең бастысы жалақы емес, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі деп есептейміз.

#BizBirgemiz   #мнение_ЮК  #Туркестанская_область

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *