24 Мар 2020 11:16
Количество просмотров: 1255

Президенттің дәрігерлер еңбегін бағалағаны біз үшін үлкен мәртебе

Жанболат Ділдәбеков, Түркістан қалалық аурухананың бас дәрігері

Мемлекет басшысының бүгінгі мәлімдемесі халықтың көкейіндегі көп сұраққа жауап берді. Төтенше жағдайда түрлі себептермен жұмыссыз қалған жастарды жұмыспен қамту, осы сәтте экономиканың құлдырамауы, халықтың банктер алдындағы берешектеріне жеңілдіктер жасау сияқты тапсырмалары қазіргі таңдағы өте маңызды мәселелер болып тұр. Әсіресе, «Ең бастысы — халықтың саулығы» деп медицина мамандарының еңбегіне ерекше тоқталғаны қуантты. Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы сияқты басқа да ірі қалаларды карантинге жабу сияқты шешімдер қабылдау жайлы ұсынысы да өте орынды. Қазіргідей алмағайып кезеңде біз барлық сақтық шараларын жасауымыз керек. Осы орайда, мен барлық әріптестеріміздің жанкешті жұмыстары үшін алғысымды білдіріп, барлық отандастарымды осы бағытта жұмыла әрекет етуге шақырамын. Уақытша шектеулерге шыдамдылық танытып, қауіп үстінде еңбек етіп жатқан ақ халаттыларға қолдау көрсетуге шақырамын.

#BizBirgemiz   #мнение_ЮК  #Туркестанская_область

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *