Beeline GPON технологиясы арқылы Шымкенттің жеке секторын жоғары жылдамдықты интернетке қосуда

19 Сен 2024 10:46
Количество просмотров: 1182

Шымкенттің жеке секторының тұрғындары озық GPON технологиясының арқасында енді үйде жоғары жылдамдықты интернетті пайдалана алады. Жаңа технология Beeline абоненттеріне қолжетімді.

GPON-ның негізгі артықшылықтарының бірі — бұл тұрақты деректер беру жылдамдығы және сыртқы кедергілерден қорғау. Соның арқасында, интернет, тіпті, шалғай елді мекендерде де жылдам әрі кедергісіз жұмыс жасайды. Технология деректерді оптикалық талшық арқылы 1 Гбит/с жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.

Суретте: Beeline ұялы байланыс операторы Шымкент шағын аудандарын GPON технологиясына қосуда.

Beeline компаниясының Шымкенттегі тұрақты бизнес бойынша даму бөлімінің басшысы Ержан Кошмаханбетовтің айтуынша, компания қаладағы жеке секторда GPON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясын осы жаздан бастап белсенді түрде енгізіп жатыр.

Бүгінде Шымкентте «Шаңырақ», «Тұрдыабад» және «Базарқақпа» шағын аудандарындағы 1500-ге жуық үй GPON технологиясына қосылған, бұл шамамен 7 150-ден астам тұрғынды қамтиды.

Айта кететін жайт, мегаполистің шалғай елді мекендеріндегі желілердің құрылысы кезең-кезеңімен жүргізілуде.

«Біз қаламыздың жеке секторының тұрғындарына GPON технологиясының арқасында жылдам және сенімді интернетті ұсынуға қуаныштымыз. Біздің күш-жігеріміз бұл мүмкіндікті көбірек адам пайдалана алатындай етіп желіні кеңейтуге бағытталған. Біз әр пайдаланушының қажеттіліктеріне сәйкес келетін әртүрлі тарифтік жоспарларды ұсынамыз. Сонымен қатар, біз жоғары сапалы қызмет көрсетеміз – біздің мамандар кез келген мәселені тез арада шешуге көмектеседі. GPON технологиясы арқылы интернетке қосылу үшін 3131 нөміріне қоңырау шалсаңыз болғаны», — деп атап өтті Ержан Қошмаханбетов Ергеш Исраилов көшесінде GPON технологиясын қолданатын интернетті іске қосу салтанатында.

Суретте: Шымкент қаласында GPON технологиясын іске қосу.

Үйі жоғары жылдамдықты интернетке алғаш қосылған Гүлнар Ташаева осыдан бір жарым жыл бұрын отбасымен Көкшетаудан көшіп келген. Ал бұл отбасының мүшелері жаңа орнында бірінші байқаған нәрсе — әлсіз интернет сигналы. Бірақ қазір бұл мәселе өткеннің еншісінде.

«Біз әу бастан Beeline-ның байланыс пен интернетін пайдаланып келеміз. Сондықтан байланыстың сапасы мен жылдамдығын өз тәжірибемізге сүйеніп, бағалай аламыз. Beeline — біздің қажеттіліктерімізді толығымен қанағаттандыратын ең жақсы байланыс түрі», — дейді Гүлнар Ташева. — GPON супер жылдамдығы бірден сезіледі! Сүйікті фильмдерді көргенде Интернет мүлтіксіз жұмыс жасайды. Отбасының бірнеше мүшесі бір уақытта желіні пайдаланса да, барлығы тұрақты және жылдам жұмыс жасайды».

«Базарқақпа» тұрғын алабындағы жергілікті билік өкілдері Әбдімүтәлі Исраилов пен Розмат Ризаев билерінің қатысуымен өткен кездесулерде сапалы интернетке деген қажеттілік мәселесі бірнеше рет көтерілді. Олардың пікірінше, жоғары технология ғасырында жоғары жылдамдықты интернетсіз өмір сүру мүмкін емес. Ақсақалдар олардың сөздеріне құлақ асып, «Базарқақпа» тұрғын алабындағы тұрғындардың үйлеріне GPON технологиясы келгеніне дән риза. Олар сондай-ақ тек тұрғын үйлерді ғана емес, әлеуметтік нысандарды – мектептерді, медициналық мекемелерді қосу мәселесін қарастыруды өтінді.

Суретте: Базарқақпа тұрғын алабының тұрғындары Шымкент қаласының жергілікті әкімшілігінің өкілдерімен сөйлесуде.

Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемеловтың айтуынша, Шымкенттің шалғай елді мекендерін талшықты-оптикалық интернетпен қамту жұмыстары 2021 жылы басталған. Оңтүстік Қазақстан, қазір Түркістан облысынан қалаға қосылған 81 елді мекеннің 52-сінде интернет бар. Биыл 20 елді мекенді, келесі жылы 25 елді мекенді талшықты-оптикалық интернетпен қамту жұмыстары жоспарланған.

Осылайша, шалғай елді мекендер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.

«Бұл жобаға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбегені туралы айта кеткен жөн – барлық жұмыстарды жеке инвесторлар қаржыландырады. Біз Beeline және жоғары сапалы интернет ұсынатын басқа провайдерлермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Біздің міндетіміз – инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге және әкімшілік кедергілерді еңсеруге қолдау көрсету. Beeline-ға тоқталсақ, компания биыл Тұрдыабад, Шаңырақ, Базарқақпа, Сайрам және Абдулабад елді мекендерін заманауи GPON технологиясына қосуды жоспарлап отыр. Алғашқы үш шағын ауданда жұмыс қарқынды жүріп жатыр, қалған екі массивтің қосылуы жыл соңына дейін басталады», — дейді Мұхит Кемелов.

Салтанат Абдижаппарова

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *