ӨЗІМІЗ ОТЫРҒАН БҰТАҚТЫ ШАУЫП… ШЫМКЕНТ ПЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС САПАСЫН ҚАЛАЙ НАШАРЛАТЫП ЖҮР?

25 Июл 2023 09:52
Количество просмотров: 963

Бүгінгі таңда өмірімізді ұялы байланыссыз және интернетсіз елестету мүмкін емес. Жоғары жылдамдықты мобильді интернет пен байланыс бүгінде тұрғыны аз шалғайдағы шағын ауылдардың өзінде қолжетімді Мысалы, 2020 жылы қолға алынған «250+» бағдарламасының аясында 1500-ден астам елді мекен Beeline мобильді интернетіне қосылған. Қазіргі таңда компания ірі қалалар мен шағын елді мекендерде  мобильді Интернеттің қолжетімділігін арттыру мақсатында  жұмысты жандандырып келеді.

Дегенмен, компанияның ауылдар мен қалаларды жоғары жылдамдықты мобильді интернет жүргізіп, байланыспен қамтамасыз ету жұмысына жергілікті тұрғындар біршама кедергі келіп отыр. Яғни, базалық станцияларды орнатуға кедергі келтіріп отырған басты фактордың бірі — радиофобия. Өткен бір жыл ішінде Beeline компаниясы тұрғындардың талабына сәйкес,  республика көлемінде 340 базалық станцияны бұзуға мәжбүр болған. Ал оның ішінде басым бөлігі радиофобия жайлы ел ішіндегі кереғар пікір салдарынан алынған. Өкінішке қарай, заңнамалық ережелерге сай операторлар тұрғындардың келісімін алуға мәжбүр. Бұған дейін ЦДИАӨМ заңнамаға түзетулер енгізу және бұл міндеттемені жеңілдету туралы ұсыныс айтылған-ды.

Фото: радиофобтар сындырған Beeline-ның базалық станциясы

Ескеретін жәйт, базалық станцияларды орнатуға деген қарсылық, әсіресе, үлкен қалаларда, Түркістан облысы мен Шымкентте жиілеген. Алайда тұрғындар базалық станцияларды орнатудан қорыққанымен, күнделікті тұтынып жүрген ұялы телефоннан келетін залалды ескермейді. Алайда ұялы телефон да дәл мұнара сияқты жиілікте жұмыс істейді емес пе?!

Біз Түркістан облысында радиофобияның мобильді байланысты дамытуға қалай кедергі келтіріп жатқаны туралы Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы Beeline техникалық бөлімінің басшысы Нұркен Өмірзақовтан сұрадық.

— Бұл — күрделі мәселе. Ел ішінде радиофобияның кең таралуына  байланысты біз қолданыстағы базалық станцияларды алуға және жаңа базалық станция орнату жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болып отырмыз. Әсіресе, Түркістан облысы мен Шымкентте мұндай жағдай өте көп. Мәселен,  жақында біз Төлеби ауданының Аққұм ауылында базалық станция орнату жұмысын бастадық. Алайда  тұрғындар қарсылық білдіріп, оны алып тастауды талап етті. Салдарынан, базалық станцияны алып тастауға мәжбүр болдық. Қазір бұл ауылда сапалы ұялы байланыс пен жылдамдығы жоғары интернет жоқ. Мұндай жағдай Ордабасы ауданының Темірлан және Шұбарсу ауылдарында, сондай-ақ Сарыағаш ауданының елді мекендерінде қайталанды. Сондай-ақ, тұрғындардың талабына сай Түркістандағы Қорқыт ата және Саттарханов-Жабағалы көшелеріндегі базалық станцияларды алуға тура келді,- дейді ол.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы тұрғындардың радиофобиясының салдарынан байланыс сапасы  нашарлаған шағын аудандар мен ТК атап өтсек: Шымкентте — «Сәуле», «Қарабастау» ш/а, 112-орам, «Самал-1» ш/а, «Азат» ш/а, 4, 8 және 18, ш/а, «Астана» ш/а, Astana және New city ТК. Ал Түркістанда «Оралман» және «Ортақ» ш/а.

Ескеретін жайт,  базалық станцияны орнатар алдында компания тиісті рұқсат құжаттарын алады және сәулеленудің шекті рұқсат етілген деңгейлері айқындалған санэпидстанцияның қорытындысы қоса рәсімделеді. Әрбір өңірдің уәкілетті органдары осы талаптардың сақталуын қадағалайды. Желіні жоспарлаудың бүкіл процесі ландшафт пен тұрғын үйлерге дейінгі қашықтықты ескере отырып,  бақыланады. Мамандардың тиісті қорытындысы болмаса, бірде-бір базалық станция пайдалануға берілмейді. Әрбір антеннаның сәйкестік паспортын болады.

«Бүгінде Шымкентте көпқабатты үйлер көптеп  бой көтеріп жатыр. Мысалы, «Астана» шағын ауданында, Astana, New City ТК және т.б. Алайда,  бұлардың барлығында дерлік ұялы байланыс операторлары жаңа ғимараттар мен тұрғын үй кешендерін сапалы интернетпен қамтамасыз ету барысында жоғарыда аталған мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Базалық станцияларды орнату радиофобиясы жоғары болашақ тұрғын- абоненттердің қарсылығына тап болуда. Олар өздері тұратын үйлердің маңында станция орналасқанын қаламайды, қарсы. Салдарынан, базалық станциялар шалғай аймаққа орналастырылып, бұл байланыс қызметінің сапасын төмендетіп отыр. Өкініштісі, смартфонды өшіріп, қосқанда базалық станцияның жақын орналасуы  смартфондардың сәулеленуін төмендететінін білсе де, мойындамайды, — дейді «Beeline Қазақстан» басшысы.

Бір сөзбен айтқанда, еліміздің барлық өңірлері, соның ішінде мегаполистер — Алматы мен Астана радиофобиядан зардап шегіп отыр. Ал сапалы байланыс үшін  «Beeline Қазақстан» компаниясы қоймалары  барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілгенін, мамандар жеткілікті екенін, егер оларға радиофобтар кедергі жасамаса, монтаждауға кірісуге дайын екенін алға тартып отыр.

Фото: Beeline Қазақстан қоймасы

Айта кету керек, базалық станцияларды орнату  ұзақ уақыт пен қаржылық ресурсты қажет етеді. Рұқсат құжаттарын алу мен металл конструкцияларды жасауды қоса алғанда, базалық станцияны орнату процесі алты айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Бір мұнараның құны, тасымалдауды қоса алғанда, 100 млн.теңгеге дейін жетеді.

Бүгінде «Beeline Қазақстан» елімізде 10 млн. астам абонентке қызмет көрсетіп келеді. Ұялы байланыс операторы — елдегі ең кең LTE қамтуына ие.

2022 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар «Beeline Қазақстан» желісінде, шамамен,  1,6 экзабайт (немесе 1 675 100 терабайт) мобильді интернетті пайдаланған. Аймақтар  арасында тұтыну бойынша көшбасшылардың бірі — Түркістан облысы. Орташа алғанда, облыстың әрбір тұрғыны ай сайын, шамамен, 20 Гб пайдаланады. Бұл ретте Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш — 15,4 Гб, ал бүкіл әлемде — 11,8 Гб (2022 жылдың бірінші тоқсанындағы деректер бойынша).

Пайдаланылған интернет-трафиктің ұлғаюымен ұялы байланыс операторының желісіне жүктеме де артып келеді. Мұндай жүктемені сәтті жеңу үшін компания өз желісін дамытуға айтарлықтай инвестициялар салады. Мысалы, желінің сыйымдылығы мен өткізу қабілетін арттыруға, байланыс сапасын жақсартуға және абоненттер үшін тұрақты қосылуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықты үнемі жаңартып, сатып алады. Тек 2021-2022 жылдары «Beeline Қазақстан» инвестициясы 100 млрд. теңгеден асқан.

 

 

 

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *