21 Мар 2020 16:50
Количество просмотров: 1609

ИНАРА НАМАЗБАЕВА, «Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығы» Қоғамдық Бірлестігінің Төрайымы, кәсіпкер:

БІРІКСЕК, БІЗ АЛМАЙТЫН ҚАМАЛ ЖОҚ.

Бүгінгі күннің басты тақырыбына айналған коронавирус дерті біздің елімізді де айналып өтпеді. Аты жаман кеселдің алдын алу мен одан сақтану шаралары баршамызға түсінікті екені хақ. Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқына үндеу жолдады.

Түркістан кәсіпкерлері бірауыздан Елбасы үндеуін қолдап, қиын сәтте халыққа қол ұшын созуда.

Жұдырықтай жұмылып ел игілігі үшін сақтық шаралары мен алдын алуға арналған жүйелерге арнайы қаржы бөліп отыр. Осындайда қарап отырып сүйсінеді екенсің. Қазақтың мәрттігі мен жомарттығы бір төбе, дархан пейілі мен бауырмалдығы бөлек әңгіме екеніне осындай сәттерде көзіміз жетеді. Алайда, барлық тұрғындарға байбаламға салынбай тәртіпке бағыну арқылы сақтық шаралары мен ескертпелерді орындасақ, бәрі ойдағыдай боларына сенемін.

 

#BizBirgemiz   #мнение_ЮК  #Туркестанская_область

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

1 комментария в “

  1. Иа,дұрыс айтасың Инара! Егемендігімізді алғанда xалық бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып барлық қиындықты жеңіп осы күнге жетті…Осы бір келген өтпелі сын-сағаттарынан да, бірігіп, біртұтас мемлекеттің азаматтары ретінде басымыз аман,бауырымыз бүтін болып өтетінімізге сенемін,Алла ынтымағымызды жоймасын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *