23 Мар 2020 15:54
Количество просмотров: 1036

Жалған ақпаратқа жол жоқ!

Ғалымжан Елшібай, ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы:

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты өткен мемлекеттік комиссия отырысында бірқатар өзекті мәселелер жөнінде мәлімдеме жасады.Соның бірі — еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Бұл ретте мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін ел ішін дүрліктірмейтін нақты әрі шынайы ақпарат таратуға шақырды.

Сондай-ақ, 23 наурыздан бастап,еліміздің ақпарат және коммуникация министірлігіне күн сайын брифинг ұйымдастырып отыруды тапсырды. Бұл өте дұрыс шешім. Өйткені, қазақ халқы қазір үрейлі жағдайда ақпарат көздерінен елдегі шынайы жағдаймен танысып отыруы керек. Мемлекет нендей шараларды қолға алды? Індеттен сақтану,алдын алу,күресу бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен таныс болып отыруы тиіс.Сондықтан өз әріптестерімді ақпарат ағынында дәлел-дәйекті әрі шынайы,шын ақпараттарды ғана таратуға шақырған болар едім.

#BizBirgemiz   #мнение_ЮК  #Туркестанская_область

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *