Ұзақмерзімді әрі үстемеақысы төмен несие шаруалардың мәселесін шешуге оң ықпал етеді

11 Сен 2020 15:28
Количество просмотров: 1166

Әлемді пандемия жайлап, қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік дағдарысқа ұшыраған шақта, ауыл шаруашылығы экономиканың қозғаушы күші болуы тиіс. Алайда, бұл сала да қазіргі таңда айтарлықтай қиындықтарға кезігіп отыр.

Ауыл шаруашылығын ұзақ мерзім-ді, әрі үстеме ақысы төмен несиемен қамтамасыз ету — Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі түйіні шешілмеген мәселелердің бірі. Осы күнге дейін бұл қиындыққа кіші бизнес өкілдерімен қатар, үлкен холдинг өкілдері де ұшыраған.

Мәселені шешу үшін не істеуге болады, шаруа өзінің ертеңіне сеніммен қарау үшін қандай нақты шешімдер қажет? Бұл сауалдарға «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысушы Б. Әбішев жауап береді.

АНЫҚТАМА

Бекет Әбішев — «Абишев» ЖК бас директоры, ҚР жидек өсірушілер қауымдастығының басшысы.

Шаруа таңқурай өсіруде жетістікке жетіп қана қоймай, әріптестеріне жеміс-жидек кәсібінің қыр-сырын үйретуден жалыққан емес. Көп жылдан бері Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция салып келеді.

«ЮК»: Көптеген шаруалар ауылшаруашылығына арналған несиенің тиімділігіне сын айтып, жүйеге көңілдері толмай жатады. Қазір бұл саланың шынайы көрінісі қандай?

Б. Әбішев: Ауыл шаруашылығында қаржы тек қана мал басын алу, қора салу, егістікке дән алу, бау-бақша салуға ғана қажет емес, бұдан бөлек, көктемгі дала жұмыстары, бордақылауға мал сатып алуға да айналым капиталы қажет.

«ЮК»: Бірақ, бұл үшін несие бағдарламаларында нақты жазылған механизмдер бар емес пе?

Б.Әбішев: Қаржы беру механизм-дері фермерлер үшін қолайсыз, шаруалардың ыңғайына сай келе бермейді. Уақыттың талабы жүйеге көптеген өзгерістер керектігін көрсетіп отыр.

Жүйеде кездесетін тағы бір олқы-лық — ауылдағы кепілдемеге қойыла-тын мүлікті төмен бағалау. Көптеген қаржылық институттар қаладағы жылжымайтын мүлікті жоғары бағалайды да, ауылдық жердегі мүліктің төмен бағасын тіпті азайтып бағалайтыны жасырын емес.

«ЮК»: Айтылған мәселелердің қандай да бір шешімі бар ма?

Б.Әбішев: Түйткілді шешу үшін заңды тұлға құрмай-ақ шаруа қожалықтары қоғамдастық құру арқылы кәсібіне несие алуға мүмкіндік берсек, бірқатар мәселелерді оң шешуге болады. Бұл жерде шаруашылықтарға кәсібінің ерекшелігі мен аймақтық ерекшеліктеріне, қажеттілігіне қарай бірігуге жағдай жасау керек. Қазіргі таңда шаруаға не қажет? Әрине үстеме ақысы төмен несие керек. Сонымен бірге несие барлық шаруаларға қол жетімді, әрі бәріне теңдей шарттармен берілуі керек. Әсіресе кәсібін енді бастаған ұсақ шаруалар да несие алудан шет қалмауы тиіс.

Бірақ басқа да ескеруді қажет ететін мәселелер бар: қаражатты бөлу қоғамдастық арқылы кепілсіз және қоғамдастықтың ортақ жауапкершілігімен жүзеге асырылуы керек.

«ЮК»: Елімізде сіз атап өткен жүйені сәтті жүзеге асырған шаруа қожалықтары бар ма?

Б. Әбішев: Әрине. Талдықорғандық қызылша мен соя өндірушілер және ет өндірушілері аталған жүйені сәтті қолданып келеді.

«ЮК»: Сіздің ойыңызша мына жүйені қолданысқа енгізсек, шаруа қожалықтарының тасы өрге домалайды ма?

Б. Әбішев: Қазақстанның әр аймағы өзіндік ерекшелікке ие. Әсіресе, ауыл шаруашылығы ауа-райы мен жер жағдайына тәуелді. Мәселені шешу үшін әр өңірдің ерекшеліктерін ескеретін жобалық кеңсе құрылуы тиіс. Бірақ алдымен ҚазАгро – Аграрлық несие корпорациясы мен Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының несиелік саясаты өзгеру керек.

Міне осындай ұсыныстар шаруалардың өздерінен туындауда. Олардың ойынша аталған өзгеріс енгізілсе, ауыл шаруашылығы саласында үлкен серпін алады.Аталған жүйе сөз жүзінде емес, іс жүзінде орындалған жағдайда ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауды толықтай шаруалардың сұраныстарын ескере отырып, өзгерту керек.

 

Длинные и дешевые деньги для фермера. Возможно ли это?

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *