Босануды жүргізу
Босану – физиологаялық құбылыс, бұл кезеңде жатырдан ұрық, бала жолдасы қағанақ суымен бірге босану жоддарынан ығыстырып шығарылады. Босану мерзімінде жүктіліктің 37-42 аптасында, мезгілінен ерте босану жүктіліктің 37 аптасына жетпей; мерзімінен кеш босану жүктіліктің 42 аптасынан жоғары болғанда кездеседі.

Босанудың клиникалық ағымын үш кезеңге бөледі. Бірінші кезең – жатыр мойнының ашылуы. Екінші кезең – ұрықтың босану жолдарынан өтіп, туылуы. Үшінші кезең – плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп бала жолдасының туылуы.
Босануды жүргізу тактикасы
Босанушының жағдайын бастапқы бағалау:
•босанушының шағымдарын тыңдау, оның эмоционалдық және психологиялық қажеттіліктерін анықтау, медициналық картасын қарау;
•босанушыны физикалық тексеру (дене температурасы, пульс, артериялық қысым, толғақтың ұзақтығы, күші және жиілігі);
•жатыр түбінің биіктігін, ұрықтың жатырдағы орналасуын және келу бөлігін анықтау;
•қынаптық бөліністердің сипатын анықтау (қанды бөлініс, амниотикалық сұйықтық);
•босанушы сезінетін ауырсынуды бағалау, соның ішінде ауырсынуды басу әдістерін қолдану тілегін ескеру.
Босану кезінде ауырсынуды жеңілдетуге көмектесу – медицина қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі;
•ұрықтың жүрек соғысын тыңдау
(егер ұрық ЖСЖ 110–160 аралығында болса):
•I кезеңде әр 30 минут сайын
•II кезеңде әр 5 минут сайын
•аускультация толғақ кезінде жүргізіледі және кемінде 30 секунд жалғасады
Партограмма жүргізу
•Босануды графикалық тіркеу (партограмма)
•Бірінші кезеңнің белсенді фазасы басталғанда (жатыр мойны ≥5 см ашылғанда) жүргізіледі
•I және II кезеңде қолданылады
Бірінші кезең
Анықтамасы:
Тұрақты толғақ басталғаннан жатыр мойны толық ашылғанға дейінгі уақыт
Фазалары:
•Латентті фаза – 5 см дейін
•Белсенді фаза – 5 см-ден толық ашылғанға дейін
II кезең – босанудың екінші кезеңі
Жатыр мойны толық ашылғаннан ұрықтың туылуына дейінгі уақыт.
Екінші кезеңнің пассивті фазасы:
•Жатыр мойны толық ашылған, бірақ белсенді күшену әлі басталмаған кезең
Екінші кезеңнің активті фазасы:
•Күшену басталғаннан ұрықтың толық тууына дейін
Активті фазаның ұзақтығы:

Ұсынылатын уақыт:
•Алғаш босанушыларда – 3 сағатқа дейін
•Қайта босанушыларда – 2 сағатқа дейін
Екінші кезеңде бақылау (акушерка):
Барлық мәліметтер партограммаға тіркеледі
•Әр сағат сайын АҚҚ және пульсті өлшеу
•Дене температурасын бақылау
•Қынаптық тексеру (активті фазада сағат сайын)
•Толғақ жиілігін әр 30 минут сайын тіркеу
•Ұрықтың жүрек соғысын әр 5 минут сайын тыңдау
•толғақ кезінде тыңдалады
•кемінде 30 секунд жалғасады
•Егер ұрық брадикардиясы күдік болса → ананың пульсін тексеру
•Қуықтың босауын бақылау
•Әйелдің эмоционалдық және физиологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету
•Әйелдің қалпын үнемі бақылау
•Су ішу қажеттілігі
•Ауырсынуды жеңілдету
Екінші кезеңде көмек:
•Әйел өзі таңдаған қалыпта босана алады
•(арқасымен жату – ұсынылмайды)
III кезең – босанудың үшінші кезеңі
Баланың туылуы мен плацентаның (бала жолдасының) бөлінуі арасындағы уақыт.
Үшінші кезеңді белсенді жүргізу:
•Алдыңғы иық туғаннан кейін бұлшықетке 10 Б окситоцин енгізіледі
(немесе көктамыр ішіне 5 Б)
Плацентаны кіндік бауын бақыланатын тарту арқылы шығару:
•Баладан кейін кемінде 1 минуттан соң кіндік бауына қысқыш салынады
•Бір қолмен қысылған кіндік бауын сәл тартылған күйде ұстау
•Екінші қолды шат үстіне қойып, жатырды тұрақтандыру
(жатырдың айналып кетуінің алдын алу үшін)
•Жатырдың күшті жиырылуын күту (2–3 минут)
👉 Жатыр тығыздалып, дөңгеленгенде немесе кіндік ұзарғанда:
•кіндік бауын төмен қарай ақырын тарту
•Плацента бөліну белгілерін күтпей тартуды бастамау
•Егер 30–40 секунд ішінде плацента түспесе:
•тартуды тоқтату
•келесі жиырылуды күту
•Қажет болса, қысқышты кіндікке төменірек қайта қою
•Келесі жиырылуда қайтадан тарту жүргізіледі
(жатырды қарсы бағытта ұстап тұрумен бірге)
Жатыр жақсы жиырылмай тұрып, кіндік бауын ешқашан тартуға болмайды!
Плацента туған кезде:
•Қабықтар жыртылып кетуі мүмкін
•Плацентаны екі қолмен ұстап, қабықтарды ақырын бұрау
•Плацентаны мұқият тексеру (толық шыққанын анықтау үшін)
Жатырға массаж жасау:
•Плацента туғаннан кейін бірден
•Құрсақ қабырғасы арқылы жатырды уқалау
•Жатыр жиырылғанша жалғастыру
Бала жолдасы туылғаннан кейін босанушыны – босанған әйел дейді.
Ресми дереккөз Протокол № 177 « Босануды жүргізу»
ШЖҚ< Қалалық перинаталдық орталық> МКК
Босану бөлімшесінің акушері Әбдіраманова Қарлығаш Маратқызы
В нашем Telegram-канале много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!