Денсаулық марафоны Jusan bank-пен бірге

13 Сен 2022 10:11
Количество просмотров: 2401

Биылғы күзде Шымкентте өткен ең жарқын спорттық оқиға, сөзсіз, SHYMKENT MARATHON-2022. Мерейтойлық бесінші марафон әдеттегі жаппай жүгіру шеңберінен асып өтті. Бұл қала өміріндегі маңызды іс-шара мыңдаған адамды дене шынықтырумен айналысуға ынталандыратын және әртүрлі өңірлерден қонақтарды тартатын спорт мерекесі. Жарыстың өтетін күні алдын-ала белгілі болғандықтан, кәсіпқойлар да, әуесқойлар да оған дайындықты ертерек бастады.

Драйв, адреналин, шынайы эмоциялар және өте ыстық атмосфера – марафонды осылай қысқаша сипаттауға болады. Ұйымдастырушылар ұсақ-түйекке дейін барлығын ойластырылған. Мазмұнды концерттік бағдарлама, әсерлі би нөмірлері, фитнес-жаттығулар, жарқын жүргізушілер, қатысушыларға арналған тәттілер – бұл барлық іс-шаралар тізімі емес. Ауа райы Әл-Фараби алаңында таңертең ерте жинала бастаған жүгірушілерді қуантты. Соңғы күндері қалада болған аптап ыстық кенеттен ауысты. Бірақ ешкім тоңған жоқ, бәрі жағымды эмоциялармен жылынды. Айта кету керек, биыл мереке қатысушылардың рекордтық санын жинады – 4,5 мың. Жүгірушілердің арасында Шымкенттің де, Қазақстанның басқа аймақтарынан да, тіпті әртүрлі елдерден де қатысушылар болды. Марафон мәдениеті-бұл бір-біріне деген сыпайылық. Бейтаныс адамдар айналасындағылардың бәрін қолдап, бір-біріне финишке сәтті жетулерін тіледі. Спорттың біріктіруші күші деп осыны айтады.

Күтілгендей, қатысушылардың көпшілігі 5 қашықтыққа тіркелді. Бұл түсінікті, өйткені бұл категорияда жүгірумен енді айналаса бастағандар жиналған. 10 және 21 шақырымды жеңіл атлетикамен біраз уақыттан айналысып жүргендер бағындырады. Ал 42 шақырымдық қашықтықта тек ғана кәсіпқойлар ғана тіркелді. Дәстүрлі түрде марафон солардың бәсекесінен басталды. Биыл қатысушылар арасында балалар мен жасөспірімдер көп болғаны қуантады. Мүмкін, кейбіреулері үшін марафон үлкен спорттың бастапқы алаңына айналуы мүмкін.

Айта кету керек, марафонның серіктесі – бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік жобаларды белсенді қолдайтын Jusan Bank. Банктың қолдауымен 200 баланың жарысқа қатысуы қаржыландырылды. Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахимов атындағы «Жас Ұлан» республикалық мектебінің, отбасы үлгісіндегі Төлеби балалар ауылының, Шымкент қалалық жеңіл атлетикадан №2 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ), №12 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері банктің қолдауымен 5 және 10 қашықтықтарда өз күштерін сынап көрді.

Мысалы, №12 мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы Нұрхан Әйтенов жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Жасөспірім эмоцияларға толы болды.

— Енді мен міндетті түрде таңертең жүгіремін, — деп бөлісті жасөспірім. – Біз бүкіл командамен жүгірдік, бұл 20 адам. Барлығы жүгірді, ешкім артта қалмады! 5 шақырым бағындырылды, келесі жылы «ондықты»жеңемін деп үміттенемін. Банкке көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді және оған өркендеуді тілегім келеді.

Спорттық бәсекелестік рухын алғаш рет Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Алмаз Тілеубеков те сезінді. Ол жастарды гаджеттер мен компьютерлік ойындардан спорттың арқасында айыруға болады деп санайды. Жүгіру үшін ерекше жағдайлар қажет емес, аулада да жүгіруге болады.

«Жас Ұлан» республикалық мектебінің 34 тәрбиеленушісі жарысқа белсенді қатысты. 5 шақырым қашықтықты олар 25 минутта кесіп өтті. Қазақстандық армияның болашақ әскери қызметшілері күн сайын таңертең дене жаттығуларын орындайды, сондықтан жүгіруден қиналған жоқ.

— Марафонға қатысуға мүмкіндік берген Jusan Bank-ке алғысымыз шексіз. Балалар үшін бұл жақсы тәжірибе, өздерін көрсетуге, күш сынап көруге мүмкіндік, — дейді директордың орынбасары Әнуарбек Оршабеков. — Келесі жылы балалар 10 шақырым қашықтыққа жүгіреді деп үміттенеміз. Біз өзіміз, мұғалімдер, оқушыларға оң үлгі көрсету үшін 21 шақырымға жүгірдік. Жүлдегер болмасақ та, өзімізге жақсы физикалық формада екенімізді және бір команда бола алатынымызды дәлелдедік.
Jusan Bank қаржы нарығында қызмет көрсетіп қана қоймай, Қазақстан экономикасының дамуына қатысып, қоғамның дамуына үлкен үлес қосуда. Еліміздің болашағы ретінде жас ұрпақ өкілдерін қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.

— Jusan Bank салауатты өмір салтын насихаттауды қолдайды және жыл сайын мыңдаған қатысушыларды жинайтын марафонның серіктесі болып табылады, — дейді Jusan BANK ОҚФ персонал бойынша бас менеджері Сымбат Расул. – Біздің банк табандылық пен қойылған мақсаттарға қол жеткізудің символына айналған осындай марафонды қолдауға қуанышты. Бұл-спорт, бірлік және командалық рух мерекесі. Айта кету керек, біздің қызметкерлер де белсенді қатысып, 5 және 10 шақырым қашықтықты бағындырды. Мұнда адамдар белсенді өмір салты бойынша жаңа достар мен пікірлес адамдарды табады. Марафонға ұзақ ғұмыр, қатысушылар санының артуын, ал барлық жүгірушілерге денсаулық, жақсы иммунитет пен жеңіс тілеймін.

SHYMKENT MARATHON-2022 түрлі қатысушыларды: барлық мамандықтардың иелерін, батыл, креативті адамдарды біріктірді. Адамдар отбасылармен, ұжымдармен және тіпті спорт клубтары боп қатысты. Су мен банан, қарбыз бен қауынның кесектерін жүгірушілерді берген, оларды белсенді түрде жігерлендіретін еріктілерге ерекше алғыс айтқым келеді.

Ерекше костюмдермен келген қатысушылар өздеріне назарды аударды. Мысалы, бір қыз қалыңдық ретінде киінген. Ал маркетолог Бақыт Әбдірайымов

Спайдерменнің костюмін таңдады. Ол көпшіліктен ерекшеленгісі келді және ол ойы сәтті орындалды!

Бөлінген уақыт шегінде мәре сызығынан өте алған әрбір қатысушы медальге ие болды.

Нәтижелер жүгірушілердің нөмірлерінде чиптерді сканерлеген арнайы жабдықтың көмегімен жазылды және енді әркім ұйымдастырушылар сайтынан финишерлердің уақыты мен қашықтығы көрсетілген сертификатты басып шығара алады.

Ұйымдастырушылар 3 жасар ұлы отырған коляскамен 5 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өткен Александр Шишкинді арнайы сыйлықпен атап өтті. Александр әр таңда ұлы Кириллмен бірге саябақта жүгіретінін айтты. Бұл оның кішкентай жаттықтырушысы, әкесі баяулаған кезде баласы оны жігерлендіреді. Сыйлықты марафонның ең жасы үлкен қатысушысы, 87 жастағы Нина Бабенко да алды. Өмір бойы мұнара кранының жүргізушісі болып жұмыс істеген әйел ұзақ өмір сүрудің құпиясын жасырмайды– бұл жақсы көңіл-күй мен жақындардың махаббаты, сонымен қатар жүзу және скандинавиялық серуендеу.

Әр қашықтықтың жеңімпаздары жас топтары бойынша марапатталды, жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар берілді. Біздің оқырмандарымызға 60 жастан асқан әйелдер арасында 10 шақырым қашықтықта біздің әріптесіміз, аға корректор Р.Бултачева 1 орынға ие болғанын қуана хабарлаймыз. Біз Разия Фахриденовнаны мақтан тұтамыз және алда әлі талай жеңістер болатынына сенеміз. Әрине, біз чемпионымызға теңесуге тырысамыз! Бір сөзбен айтқанда, спорт мерекесі сәтті өтті және біз келесі марафонды асыға күтеміз.

Салтанат Абдижаппарова

 

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *