«ФУТБОЛ ЖОЛЫ» СПОРТ МЕРЕКЕСІ – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА, 30 ШІЛДЕ

27 Июл 2023 16:46
Количество просмотров: 1453

Қазақстан Премьер-Лигасының бас жүлдесі, «Ордабасы» ФК автограф сессиясы, рэпер Шизаның концерті — Абай саябағында бұрын-соңды болмаған футбол фестивалінде.

Қазақстан футбол федерациясы «ФУТБОЛ ЖОЛЫ» спорт фестивалінің басталғанын хабарлайды. Ауқымды шара Қазақстан футболының 110 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп, 30 шілде мен 16 қыркүйек аралығында еліміздің 8 қаласында жалғасады.

FUTBALL ZHOLY-ның алғашқы аялдамасы Шымкент шаһары. Фестиваль қонақтары Қазақстан Премьер-Лигасының бас жүлдесін тамашалаудың бірегей мүмкіндігіне ие болады. Чемпиондық тондо шымкенттіктердің құрметті марапатқа қол тигізіп, естелік суретке түсуі үшін «ФК Астана» мұражайынан шығарылады.

Ал, Қазақстан кубогының екі дүркін иегері «Ордабасы» ФК ойыншылары жанкүйерлерімен жүздесіп, қолтаңба қалдырмақ.

Фестиваль алаңында сонымен қатар фристайл футболынан шеберлік сабақтары мен әуесқой футбол турнирі өтеді. Қақпашысыз 3х3 форматында үздік кәсіпқой емес команда атағына азаматтар (16 жас және одан жоғары) қатысады. Қатысуға өтінімді фестивальдің footballfest.kz сайты арқылы беруге болады.

Ұйымдастырушылар ешкімнің сыйлықсыз қайтпайтынына уәде беріп отыр. Үлкен футбол фестивалінің атмосферасын аттракциондар мен кең ойын алаңы қамтамасыз етеді, мұнда кез келген азамат доп соққысының күші мен айып соққыларының дәлдігін сынай алады, кикер, киберфутболдан жарысады, арнайы жетондар алып, оларды жүлделерге айырбастайды.

«ФУТБОЛ ЖОЛЫ» музыкалық бағдарламасына жергілікті хип-хоп сахнасының көрнекті өкілі — рэпер Шизаның, сондай-ақ жанды дауыстағы Инсар тобының өнері де кіреді.

Фуд-кортта қала тұрғындарының сүйікті мекемелері арнайы ас мәзірін ұсынады. Жақын жерде жазғы аптап ыстықтан демалуға және салқындауға болатын арнайы аймақ қызмет көрсетеді.

Шымкенттегі «ФУТБОЛ ЖОЛЫ» 30 шілде сағат 16:00-де басталады. Кездесу орны: Абай саябағындағы коньки паркі (бұрынғы Дельфин аквапаркінің аумағында). Кіруі тегін.

FUTBALL ZHOLY фестивалінің толық кестесі:

  • 30 шілде — Шымкент қаласы,
  • 6 тамыз — Ақтау қаласы,
  • 13 тамыз — Атырау қаласы,
  • 19 тамыз — Орал қаласы,
  • 26 тамыз — Ақтөбе қаласы,
  • 2 қыркүйек — Көкшетау қаласы,
  • 10 қыркүйек — Астана қаласы,
  • 16 қыркүйек — Семей қаласы.

 

Толық ақпарат footballfest.kz сайтында

 

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *