«Kарачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) Қарашығанақ жобасы аясындағы жеткізілімдердегі қазақстандық өндірушілердің қатысу үлесін арттыру бойынша жұмысын жалғастыруда.

Аталған қызмет шеңберінде компания өкілдері жергілікті кәсіпорындардың өндірістік әлеуетіне шолу және ықтимал ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау мақсатында Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековпен кездесу өтті. Жиыннан кейін КПО компаниясының өкілдері сорғы жабдықтарын, электр трансформаторлары мен электрохимиялық қорғау жүйелеріне арналған қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ болат пен шойыннан құйылған бұйымдарды өндірумен айналысатын қаланың бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорнына барды.
Делегация мүшелерінің назарларына кәсіпорындардың өндірістік қуаты, қолданылатын технологиялар және шығарылатын өнім туралы ақпарат ұсынылды. Оған қоса, жергілікті өндірушілердің Қарашығанақ жобасының жеткізілімдер тізбегіне қатысу мүмкіндіктері де талқыланды.
Сапар Энергетика министрлігінің өкілдері, «PSA» ЖШС, «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС және Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық (IMBC) өкілдерінің қатысуымен және Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қала әкімдігі өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін кеңінен көрсету мақсатында 30-дан астам ұйым қатысуымен өткен жергілікті кәсіпорындар өнімдерінің көрмесін ұйымдастырды. Бұл жұмыс сапарымен келген өкілдерге Шымкент қаласы өнеркәсіптік әлеуетімен жан-жақты танысып, отандық жеткізушілермен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын бағалауға мүмкіндік берді.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтың, мемлекеттік органдар, КПО және өнеркәсіп секторы өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел сапар бағдарламасының негізгі іс-шараларының бірі болды. Пікір алмасу барысында тараптар жергілікті қамтуды дамыту, қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту және ірі мұнай-газ жобалары үшін сұранысқа ие тауарлар өндірісін жергіліктендіру мәселелерін қарастырды.

«КПО компаниясы Қарашығанақ жобасының жеткізілімдер тізбегіне қазақстандық өндірушілердің қатысу үлесін ұлғайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Шымкент қаласындағы кәсіпорындарға жасалған сапар отандық бизнестің жоғары құзыретін тағы бір мәрте дәлелдеп, ынтымақтастықты одан әрі дамытудың әлеуетін көрсетті. Біз қазақстандық компаниялармен ұзақ мерзімді және өзара тиімді серіктестік қатынастарды дамытуға ерекше мән береміз.» – деп атап өтті КПО бас директорының орынбасары Мухтар Манкеев.

Сапар қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан өнеркәсібін дамытудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру мақсатында мемлекет, мұнай-газ саласының операторлары және отандық өндірушілер арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. КПО жергілікті қамтуды дамыту және Қазақстанның өндірістік әлеуетін нығайту шеңберінде аймақтық сапарларды ұйымдастыру және компанияның жеткізілімдер тізбегіне жергілікті өндірушілерді тарту бойынша жұмыстарды одан әрі ілгерілетуді көздейді.
В наших соцсетях : Telegram-канал, Telegram-канал найдете много интересного, только важные и новые события! Наш Instagram. Подписывайтесь!