Сигналдан тыс: кім кінәлі?

4 Окт 2023 11:11
Количество просмотров: 1343

Байланыс жоғалып, интернет қолжетімсіз болған кезде, ең алдымен, біз оған ұялы байланыс операторларын кінәлаймыз. Алайда, көбінесе шындық әлдеқайда күрделі. Ұялы байланыс әрқайсымыздың күнделікті өмірімізде шешуші рөл атқаратын әлемде базалық байланыс станцияларының жұмысына әсер ететін көптеген факторлар бар. Мысалы, жарықтың өшуі, ауа-райының қолайсыздығы, оператордың кабеліне зақым келтіруі мүмкін апаттар.

Бұл мақалада біз базалық станциялардың жұмысына қандай факторлар әсер етуі мүмкін екенін қарастырамыз.

Beeline Қазақстан мұрағаты

Электр қуатының болмауы

Жоспардан тыс электр қуатының сөнуі ұялы байланыстың болмауының басты себебі болып табылады. Қазіргі заманғы ұялы байланыс операторларының базалық станциялары электр қуатымен жұмыс істейді. Егер ол болмаса, байланыс та болмайды. Ал электрмен жабдықтау проблемаларына өз кезегінде электр желілерінің тозуы әсер етеді, Қазақстанда бұл Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес орташа есеппен 66% құрайды.

Айта кетейік, Түркістан облысы – Қазақстандағы аптасына кемінде бір рет электр қуатын өшіретін облыстардың бірі. Мұндай күндері ұялы байланыс операторлары байланысты қолдау үшін жедел шаралар қолданады. Мысалы, Beeline компаниясы базалық станциялардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жоспардан тыс электр қуатының сөнуі кезінде тұрғындар үшін байланыс пен интернетке қосылуды сақтау үшін аккумуляторларды немесе дизельді генераторларды пайдаланады. Дегенмен, аккумулятор сыйымдылығы шектеулі, ал дизельдік генераторлар жанармаймен жұмыс істейді, бұл да қосымша шығындар мен ресурстарды қажет етеді. Мысалы, тек бір базалық станцияны қолдау үшін күніне орта есеппен 100 литр дизель отыны қажет. Себебі бір базалық станция стандартты пәтерге қарағанда электр қуатын  15-20 есе көп тұтынады. Ал өңір бойынша мұндай жүздеген базалық станциялар бар.

Ауа райы

Қатты жел мұнаралардағы антенналарды зақымдауы мүмкін, төмен температура жабдықтың қатып қалуына, қар мен жаңбырдың қысқа тұйықталуына әкелуі мүмкін. Бұл факторлардың барлығын болжау мүмкін емес, бірақ олар байланыс сапасына және интернеттің жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.

Мысалы, қыс мезгілінде Қазақстанның солтүстігі мен батысында жабдықтар қалыптан тыс аязға байланысты апаттық режимде жұмыс жасауы мүмкін. Өйткені ең заманауи және сенімді технологиялар жабдықты апаттардан үнемі қорғай алмайды.

Түркістан облысының ауа райына тән қатты ыстық базалық байланыс станцияларының жұмысына да әсер етуі мүмкін. Жоғары температура жабдықтың қызып кетуіне және оның уақытша істен шығуына әкелуі мүмкін. Ұялы байланыс операторлары олардың жабдықтарының экстремалды температураға төзімді болуын қамтамасыз етеді және қызып кетудің алдын алу үшін салқындату жүйелерін қолданады. Алайда, температура тым жоғары болғанда проблемалар туындауы мүмкін. Бұл байланыстың кейде ауа-райына, соның ішінде қатты ыстықтың әсеріне ұшырауының бір себебі.

Beeline Қазақстан мұрағаты

Төтенше жағдайлар

Кабельдердің үзілуі, ұялы байланыс операторының жабдықтарын немесе инфрақұрылымды зақымдайтын жол апаттары байланыс пен интернетке қатысты уақытша проблемаларды тудыруы мүмкін. Әдетте, операторлар мұндай жағдайларға мүмкіндігінше ықпал етіп, қысқа мерзімде байланысын қалпына келтіруге тырысады.

Дегенмен, қанша жедел шешуге тырысқанымен ұялы байланыс операторлары апатқа әрдайым тікелей ықпал ете алмайтынын ескеру қажет. Олар тек әрекет етіп, салдарын жоя алады.

«Апаттарды жою жұмыстары жоғары шыдамдылық пен батылдықты қажет етеді, әсіресе олар ауа-райының қолайсыз жағдайында орындалған кезде. Кейбір жағдайлардың болжамсыздығына қарамастан, компания мәселелерді жедел шешуге тырысады. Алматыда орналасқан біздің желі мониторингі орталығы тәулік бойы жұмыс істейді және өңірлердегі барлық оқиғаларды нақты уақытта бақылайды. Апат болған кезде аймақ дереу ақпарат алады және инженерлер дереу оқиға орнына барады. Біздің мамандар демалыс немесе мереке дегенді білмейді. Әріптестер базалық станцияның жұмысын қалпына келтіру үшін 31 желтоқсанға қараған түні ауылға барған кездер де болды», — дейді Түркістан облысындағы Beeline техникалық бөлімінің басшысы Нұркен Өмірзақов.   

Beeline Қазақстан мұрағаты: кейде базалық станцияларға жетуге тура келетін жолдар

  Жер бедерінің географиясы

Сондай-ақ, байланыс пен интернет таулы және қырлы аймақтарда болмауы мүмкін екенін атап өткен жөн. Мұндай аймақтар инфрақұрылымды жүргізудің күрделілігіне байланысты телеоператорлар үшін ерекше қиындықтар туғызады. Қазақстанның кең аумағында мұндай орындар көптеп кездеседі. Түркістан облысында, мысалы, Төле би, Түлкібас, Қазығұрт, Сайран аудандары.

Таулар мен төбелер сигналды бұғаттай алады, сондықтан базалық станцияларды орнату ғана емес, олардың жұмысын қамтамасыз ету де операторлар үшін өте қиын міндет. Мұндай аумақтар тұрғындар мен қонақтардың байланысын қамтамасыз ету үшін орасан зор ресурстарды қажет етеді.

Сонымен, байланыс сапасына көптеген факторлар әсер етеді және олардың барлығын операторлар басқара бермейді. Сондықтан өзінің клиенттеріне табиғи немесе апаттық факторлардың теріс әсерін азайту үшін барынша күш салатын және проблемаларды қысқа мерзімде шешуге тырысатын ұялы байланыс операторларының жеделдігін атап өткіміз келеді.

 

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *