Тұрақты бизнес – мықты экономиканың кепілі

22 Окт 2022 11:50
Количество просмотров: 1153

Республика Күні қарсанында Ордабасы ауданының Бадам ауыл округінде Қазақстандағы ең ірі кірпіш зауыты ашылды.  «Бөкей» ЖШС жобасы  «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба»  мемлекеттік бағдарламасы аясында Jusan bank –тің екі миллиардқа жуық  теңгені құраған  жеңілдетілген несие желісінің арқасында іске асырылды.  Өндірістің ерекшелігі – технологиялық тізбектің толық автоматтандырылғандығы — бастапқы шикізатты илеуден бастап, дайын өнімді тасымалдау мен буып-түюге дейін. Өндірістік қуаты тәулігіне 100 мың кірпіш құрайтын зауыт Жапония, Греция және Украинаның озық жабдықтарымен жабдықталған. Бұл жерде кірпіштің бес стандарты шығарылады.

Серіктестік басшылығы жобаны жүзеге асыруды көптеген елдерде кірпіш зауыттарының жобаларын кешенді түрде жүзеге асыратын украиналық «PLINFA» компаниясына сеніп тапсырды. Украиналық мамандардың айтуынша, бұл зауытта классикалық қалыптау технологиясы қолданылған. Кірпіш кесілгеннен кейін арнайы кептіргіштерде  кептіріледі. Сонымен қатар, кірпіш бір-біріне тиіп кетпейді, сондықтан бірқалыпты, мінсіз болады. Олар кептірілгеннен кейін, вагонеткамен үлкен пешке күйдірілу үшін жіберіледі. Кірпіштерді жасау үшін екі компонентті шихта қолданылады — жергілікті саз және жақын жердегі карьерден  жеткізілетін бентонин.

Жаңа кәсіпорынның салтанатты іске қосылуына облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Жетпісбай қатысты. Өз сөзінде ол Түркістан облысының құрылыс нысандарында отандық құрылыс материалдарына басымдық берілетінін атап өтті. Жаңа зауыт осы бағытта жұмыс істейді. Кез келген өндірісті ашу – бұл саланы дамытуға, жұмыс орындарын құруға ынталандыру.

Зауыт иесі Нұралы Әбішевтің айтуынша, кәсіпорында цифрлық технологиялардың артықшылықтарын — еңбек өнімділігі мен шығарылатын өнім сапасының айтарлықай жоғарылағанын толық сезінуге болады. Компьютерлік бағдарламалардың көмегімен барлық процестерді арнайы оқытудан өткен операторлар басқарады. 60 жұмыс орны құрылды.

—    Біз жоғары сапалы, тапсырыз берішулерге ұялмай ұсына алатын, Қазақстанда өндірілген деп мақтанышпен айта алатын  отандық өнім шығаруды ұйғардық. Сондықтан алдыңғы қатарлы өндіріс желілерін таңдадық. Біздің суперконвейер әлемнің түкпір –түкпірінен жиналған — жапондық роботтар кептіруден кейін кірпіштерді жинап, оны күйдіруге жібереді, содан кейін грек машиналары оны шығарып, орап, жөнелтуге дайындайды. Барлығы технологиялық және экологиялық таза. Әрине, Jusan bank-тің қатысуынсыз, қолдауынсыз біз бұл жобаны жүзеге асыра алмас едік, несие желісін ашуда, консультациялар және құнды кеңестер беріп көп көмектесті. Қазірдің өзінде өнімдерімізді Астанаға, Қарағандыға, Шымкентке жеткізуге шарт жасасып жатырмыз.

Жиналған қауымды келе жатқан Республика Күнімен құттықтаған Jusan Bank басқарушы директоры Қуаныш Ұласбеков зауыт ұжымына табысты дамуды тіледі. «Біз банк ретінде өңірлер экономикасын дамыту жөніндегі мемлекеттің саясатын толығымен қолдаймыз, сондықтан осы жобаны  қолдауға ынтамен кірісіп, өткен жылдың наурыз айынан бастап қарыз алушыны  1,98 миллиард теңге сомаға кредиттік желісімен қамтамасыз ету бойынша жұмысқа кірісіп кеттік. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі  — 6%,  қалған 8,95% — мемлекет есебінен субсидияланады. Бұл осы саладағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің табысты үлгісі», — дейді Қуаныш Ұласбеков.

Жоба жоғары рентабельді, өйткені еліміздің барлық өңірлерінде экономика салаларындағы құрылыс үлесінің ұлғаю үрдісі байқалады. Кәсіпорын кәдімгі құрылыс кірпішін салуға бағытталған, бірақ жоғары технологиялық жабдықтың арқасында және өнімдер арнайы сөрелерде кептірілетіндіктен, өнім  тегіс,  ойықсыз болады, сондытан оны қаптау үшін де қолдануға болады. Қазірдің өзінде ордабасылық зауытында өндірілетін жоғары сапалы кірпіш қазақстандықтардың сұранысына ие болатынына күмән жоқ.

 

Салтанат Абдижаппарова

Фото автордікі

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен берілген лицензиясының номірі № 1.2.35/225/37. Берілген күні 2021 жылғы 7 сәуір.

 

В нашем Telegram-канале  много интересного, важные и новые события. Наш Instagram. Подписывайтесь!

Если вы нашли ошибку, пожалуйста, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *