ТҮРКІСТАН: Түркиядан көшіп келген азаматтың үйі 15 миллионнан астам теңгеге бағаланып отыр Ескерту! ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.

1 Фев 2019 17:16
Количество просмотров: 2167

2019 жылғы 28 қаңтарында әлеуметтік желіде «Түркістан қаласында Түркиядан көшіп келген азаматтың тұрғын үйі», атты материал жарияланған болатын. Соған орай, Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

ERNUR.KZ. Материалдағы шағымданушы азамат Тәукехан даңғылы 133 үйдің тұрғыны, үй иесі заңды құжатқа сәйкес әйелі Жарылғапқызы Бибихан Полат. Негізгі үй (литер1) 1961 жылы (кесек) салынған және оған жапсарлас (литер2) 2010 жылы қосымша салынған тұрғын жайы бар. Жалпы аумағы 189,7 шаршы метр.

Бағалаушылардың (Экспо Оценка») берген мәліметіне сәйкес нысан нарықтағы құнмен бағаланып, құрылыс материалдары, үйдің жағдайы (ремонт жасалған, жасалмағандығы) барлығын жан-жақты ескерілген нарықтағы құн беріліп, 15 млн 187 мың теңгеге бағаланған.

Сонымен қатар меншік иесіне, бағамен келіспеген жағдайда өзі қосымша бағалатып, нәтижесінде сотқа жүгіне алатындығы бірнеше рет айтылған. Нысан иесін келіспеген жағдайда күштеп ешкім шығарып тастай алмайтындығы да заң талаптарына сәйкес түсіндірілген.

Cуретте: материал иесінің 15 млн 187 мың теңгеге бағаланған үйі.

ernur.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *